Бұл күні біздің оқырмандарымыз үшін қазақ ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсыноұлының туған күніне орай "Қазақстан халқының тілдері күні" атты медиа сабақ өткізілді.
Шара Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметімен танысудан басталды.
Сабақ барысында балалар «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңның» негізгі баптарымен танысып, Қазақстан тарихы бойынша өз білімдерін көрсетіп викторинаға белсенді қатысты.
Сабақ соңынан мақал-мәтелдерді қазақ, ағылшын және орыс тілдеріне аударып, ана тілін сүю, туған тіліңде сөйлеу және әлем тілдерін үйрену керек деген қорытындыға келді.