Апталық аясын сыныптан тыс шаралар өткізілді, оған 5-11 сынып оқушылары қатысты. Апталық қызықты жиыннан басталды, Үндістаннан, Алманиядан, Жапон елінен, Орта Азиядан "шетелдік қонақтар" келді. Актерлердің ойыны барлығының көңілінен шығып, балаларды қызықтырды. Сонымен қатар жиында аптаның келесі науқандары жарияланады: "Екі өлең", " Мейірімділік жаса " шығармаларына лайк қой" және "Кітап сыйла". Бұл науқандар балалар арасында өте қызу жүрді, балалар екі өлең (Триумф және Трагедия) бойынша белсенді түрде өз эмпатияларын білдірді. Р. Рождественскийдің, Б. Окуджава өлеңдері бойынша да пікірлерін ортаға салды. Ал швғармаларға лайк қою үшін алғашқы күндері кезекке тұрды. Ал балалар мен ересектердің жинаған кітаптары тіпті керемет болды. Жиналған кітаптар мектеп кітапханасында орын таппақ.
" Исток " мектебінде дәстүрге айналған жыл сайынғы жаппай диктант өткізілді. Өткізу формасы- креативті, мазмұны- көкейкесті. Диктанттың тақырыбы: "Тоқта! Буллинг!" Шараның мақсаты жазу дағдысын қалыптастырумен қатар әр түрлі жастағы (6-11 сыныптар) ұйымда өзара қарым-қатынас қалыптастыру, бірбіріне тірек бола білу, сабақтан тыс жағдайда еркін сезіну. Диктанттан кейін балалардың рефлексиясы қызықты болды: "Керемет!", "Бұл өте қызықты болды", " Келесі жылы да осылай болса! " Апталықтың аяқталуы тіпті керемет болды. 5-11 сынып оқушылары костюмделген "Муха-Цокотуха" ертегісін дайындап, К. И.Чуковский ертегілерінің 100 жылдығына арнады. Премьерасы екі рет қойылды, бастауыш сынып оқушыларының назарына және орта-жоғары сынып оқушыларына. Актерлер өте мұқият жаттығып және костюмдерін өздері дайындаған. Барлығы керемет нәтиже берді! Ду қол шапалаққа ие болды. Чуковский туралы викторинаға қатысып, тәтті сыйлықтар табыс етілді! Орыс тілі апталығы аяқталды. Оқушылар керемет әсер алып, білімдері толығып, ұжым мүшелерінің ынтымақтастығы нығайды деген үміттеміз.