
Іс-шараның мақсаты: мектеп қызметкерлері мен оқушыларының өрт шыққан кездегі әрекеттерге дайындығын тексеру, құлақтандыру және эвакуациялау тәртібін пысықтау, сондай-ақ жауапты тұлғалар әрекеттерінің ұйымдасқандығын тексеру.
Іс-шара барысында анықталды:
- «Өрт дабылы» белгісі мектеп қызметкерлері мен оқушыларының назарына жеткізілді;
- эвакуация белгіленген эвакуациялау маршруттары бойынша жүргізілді;
- кураторлар (сынып жетекшілері) оқушылардың оқу кабинеттерінен шығуын ұйымдастырды;
- ғимараттан шыққаннан кейін оқушылар мен қызметкерлер жиналу орнына бағытталды;
- жиналу орнында оқушылар мен қызметкерлердің түгелдігін тексеру жүргізілді;
- эвакуациялық шығу есіктері мен маршруттар мақсаты бойынша пайдаланылды.
Оқу-жаттығу эвакуациясы барысында мектептің екі корпусынан 188 оқушы, 31 педагог және 24 мектеп қызметкері эвакуацияланды. «Өрт дабылы» белгісін алған кездегі қызметкерлер мен оқушылардың әрекеттері пысықталды, эвакуациялау уақыты 2 минутты құрады.