
Барлық оқушылар жас ерекшеліктері әртүрлі командаларға біріктірілді, бұл мектеп ұжымының ұйымшылдығын арттыруға, өзара қолдауды, көшбасшылық қасиеттерді және бірлесе тиімді жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Балалар командалық рух пен жеңіске деген жігерлікті таныта отырып, қызықты интерактивті ойындар мен спорттық эстафеталардан үлкен құлшыныспен әрі асқан қызығушылықпен өтті.
Ағаштан жасалған қолөнер (крафт) ойындары бар локация балалардың ерекше таңданысын тудырды: толқыныспен дем жұтқызған алып «Дженга» мен ерекше «Небадминтон» оларға шынайы қуаныш, жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер сыйлады!