
Талқылаудың басты бағыты педагогтің жеке үлгісінің рөлі болды. Қатысушылар жауапкершіліктің орнықты мәдениетін тек нұсқаулықтармен ғана қалыптастыру мүмкін емес, өйткені балалар ересектердің нақты іс-әрекеттеріне қарап бой түзейді деген ортақ пікірге келді. Кездесу басында мектеп директоры І тоқсанның қорытындысы бойынша алдын алу жұмыстарындағы негізгі жетістіктерді, тәуекелдер мен даму бағыттарын айқындайтын егжей-тегжейлі талдау есебін ұсынды.
«Келісемін – келіспеймін – талқылағым келеді» атты интерактивті блок ерекше қызығушылық тудырды. Пікірталас барысында педагогтер сыртқы бақылау мен оқушылардың ішкі тәртібін дамыту арасындағы теңгерімді, сондай-ақ мектеп ережелерін сақтаудағы жүйеліліктің маңыздылығын талқылады. Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша ұжым мектеп жұмысына жедел түрде енгізілетін, өзара құрметке негізделген және қауіпсіз білім беру ортасын құрудың бірыңғай тәсілдерін әзірледі.