Жаңа оқу жылында келесі білім беру міндеттері белгіленді:
* Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін, білім алушылардың
білім сапасын арттыратын және оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытатын білім беру ортасын құру бойынша жұмысты жалғастыру;
* Эксперименттік, ғылыми-зерттеу, қолданбалы жұмыстарды, ғылыми жобаларды (бағдарламаларды) әзірлеуге, оқу-әдістемелік
басылымдарды сараптауға, қазылар алқасымен жұмыс істеуге, конкурстар мен олимпиадаларға қатысу арқылы мұғалімдердің кәсіби
құзыреттілігін арттыру жұмыстарын жүйелендіру;
* 4-9-сынып оқушыларын МОДО-ға дайындаудағы МК жұмысын қорытындылау, білімдегі олқылықтарды жою жұмыстарын жүргізу;
* Тәрбие жұмысының жүйесін жетілдіру арқылы оқушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру: кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын және сабақтан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, бейімделу ортасын құру.