Құқықтық ағарту
2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университеті заң клиникасының өкілдері Өскемен қаласының «Исток» жекеменшік жалпы білім беретін мектебінің оқушылары үшін 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
ҚАЕУ заң клиникасының жетекшісі Савелий Александрович Мужчиль және Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының студенттері Ақетпаева Еркежан, Гитерман Аделина және Максименко Данил спикер ретінде сөз сөйледі.
Кездесу барысында мектеп оқушылары Конституцияның не екенін, оның қоғам мен мемлекет өмірінде қандай рөл атқаратынын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қандай құқықтық жаңалықтар (новеллалар) көрініс тапқанын білді. Конституциялық нормалардың маңызына, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және оларда мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздері туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етті.
ҚАЕУ Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы «Исток» мектебінің басшылығы мен ұжымына ынтымақтастық орнатқаны және өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беруге (құқықтық ағартуға) қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдірді!
Обсудить
Материалы по теме:
«Қозғалыс аумағы» денсаулық күні
18 сентябрь 2026, Пятница
Оқу-жаттығу эвакуациясы
15 сентябрь 2026, Вторник
Қош келдің, мектеп!
01 сентябрь 2026, Вторник
Читайте также:
Комментарии (0)






