8 (7232) 26-24-90
Кабанбай батыр көшесі 111/1
«Исток» жеке меншік жалпы білім беру мектебі балаларды қабылдайды: 1 сыныпқа – толық күн тәртібіне; мектепке даярлық сыныптарына- 5-тен 6 жасқа дейін толық күн болуымен.

Әдістемелік кеңес өткізді

24 март 2023, Пятница
198
0

"Исток" жеке меншік жалпы білім беру мектебі жоғары ұлттық саналы, белсенді азаматтық ұстанымды, ұлттың интеллектуалдық даму потенциалына жауапты оқушыларды тәрбиелеудің тиімді дамыту ортасын қалыптастыруға бағытталған. Әдістемелік кеңес барысында тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Курмашова Светлана Николаевна өз баяндамасында концепцияның негізгі ұстанымдарына назар аударды: үздіксіздік, бірлік, өзара жауапкершілік, жеке даралық - шығармашылыққа. Мектеп педагогтері Абайдың "Толық адам" үш компоненттен тұратын: анық ой, жылы жүрек және ыстық жалын,  тәрбиелік концепциясы меңгерілді. Абай өзінің "  Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат" даналық сөзінде нұрлы ақыл мен ыстық қайраттан басқа адам мейірімді жүрекке мұқтаж екенін атайды. Ұлы қазақ ақыны және ағартушысы бұл үш ұғымды бірге қарастырып, алғашқы екі ұғымның жүрекке бағынуы қажет деп санайды. Әдістемелік кеңеске қатысушылар ұлттық, этникалық және жалпыхалықтық санасы бар толыққанды "Толық адам"  тұлғасын тәрбиелеуге өздерінің үлесін талқылады.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)

Шаблоны DleФотошоп ОнлайнБуксы для заработкаМониторинг игр с выводом денег