8 (7232) 26-24-90
Кабанбай батыр көшесі 111/1
«Исток» жеке меншік жалпы білім беру мектебі балаларды қабылдайды: 1 сыныпқа – толық күн тәртібіне; мектепке даярлық сыныптарына- 5-тен 6 жасқа дейін толық күн болуымен.

«Исток» мектебі

15 июль 2022, Пятница
360
0

«Исток» мектебі

Мектеп кешенді формат, оның құрамында:

  • мектепке даярлау, толық күн болу- 5-тен 6 жасқа дейін;
  • бастауыш білім 1-ден 4 сыныпқа дейін;
  • негізгі орта білім 5-тен 9 сыныпқа дейін;
  • жалпы орта білім 10-нан 11 сыныпқа дейін;
  • дамыту орталығы (изостудия, ән театры, хореография, шахмат, карате,спорттық ойындар)

 

Мектеп Өскемен қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Екі ғимаратта мектеп пен мектепке даярлық сыныбы орналасқан. Кірме жолдар мен ыңғайлы автокөлік тұрақтары бар. Мектепке даярлық сыныптарының білім алушыларына ойын алаңдары мен самалжай жабдықталған, оқушыларға- спорттық алаң мен қылқан жапырақты ағаштарөскен, самалжай, гүлзарлар, альпі төбешіктер және кішігірім суқоймасы бар демалыс орны.Білім алушылардың тиімді және үйлестірілген тағаммен тамақтануы- «Исток» мектебінің денсаулық сақтау ортасын құрудағы талаптардың бірі.

Мектеп асханасында жылы атмосфера мен үйдің жайлы жағдайы ерекше әсерлі.Асхана қызметкерлері балаларды ізгі ниетпен және дәмді тағамдармен қарсы алады. Сондықтан  балалар әрқашан үлкен сүйіспеншілікпен келеді.

Білім беру үрдісі әр оқушымен және олардың ата-аналарымен жеке жұмыс істеуге, оқушылардың таңдаған пәнің тереңдетіп оқытуға негізделген.

 

Мектеп тереңдетілген ағылшын тілін, кәсіпкерлік негіздерін, компьютерлік сауаттылықты оқыту мен зерттеу әрекеті арқылы оқушылардыңзияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Бейіндік пәндер бойынша сабақтар кіші топтарда 4-8 адаммен өткізіледі.

 

«Исток» мектебі толық күн режимінде жұмыс істейді (8.30-дан 17.00-ге дейін). Жұмыс күнінің бірінші жартысында- білім беру үрдісі, екінші – үй жұмысын орындау, дамыту сабақтары («Ән театры», «Изостудия», спорттық секциялар, хореография), күні бойы жұмыста болатын ата-аналар үшін бұл ыңғайлы. Сонымен қатар, пән мұғалімдері оқушылармен жеке жұмыс өткізеді.

Педагогикалық ұжымның 75% жоғары біліктілік санатты мамандар. ҚР білім беру үздігі атағымен, магистр дәрежелі педагогтербар.

Педагогтердің жоғары кәсіби шеберлігінің нәтижесінде оқушылар мен тәрбиеленушілер әр түрлі дәрежедегі олимпиадалар мен байқауларға белсенді қатысып, жүлдері орындарға ие болуда.«Исток» мектебінің түлектері Қазақстанның, алыс және жақын шетелдің беделді жоғарғы оқу орындарына түседі.

Мектептің бейінді пәндері: ағылшын тілі, информатика, тілдік коммуникация этикасы, логика. Уақыт талабы мен ата-аналардың ең көп сұрауының бірі болып табылатын ағылшын тілін оқуға ерекше назар аударылады. Оқу бірнеше негізгі аспектілер бойынша жүргізіледі, соның ішінде ауызекі сөйлеу, жазу, грамматика, оқу. «Іскери ағылшын тілі» мен «Аударма ісі» бейінді пәндері«Кәсіпкерлік негіздері» курсымен кіріктірілген.Оқыту оқушының тілдік кедергісін жоюға, өз ойын анық және түсінікті жеткізу мен ағылшын тілінде ойлауға, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл мектептің тәжірибелі-эксперименталды жұмысымен ұштасады.

 

 

 

 

 

Обсудить
Материалы по теме:
Ғылым күні 18 апрель 2024, Четверг
Спорт жұлдыздары 17 апрель 2024, Среда

Читайте также:

Жаңа оқу жылына дайындық!
04 июль 2022, Понедельник
Жаңа оқу жылына дайындық!
Мектепке даярлық сыныбы
15 июль 2022, Пятница
Мектепке даярлық сыныбы
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шаблоны DleФотошоп ОнлайнБуксы для заработкаМониторинг игр с выводом денег