Мектепке даярлық сыныбы
Мектепке даярлық сыныбы
Мектепке даярлық сыныбы мектептің жеке қанатында орналасқан. Болу тәртібі- 7.30-дан 18.30-ға дейін. Білім алушылардың жасы- 5-тен 6-ға дейін.Сыныпта 20-25 адамнан артық емес, бұл педагогтің әр балаға көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Игілікті, тыныштық жағдайында балалар күйзеліс пен қолайсыздық көрмейді де, мектепке қуанышпен келеді.
Мектепке даярлық сыныптарында бес күндік жұмыс аптасы, үш рет тамақтану.
Ата-аналардың сұранысы бойынша ағылшын, қазақ тілдерінен қосымша топтық сабақтар өткізіледі.
Мектеп көптеген қоғамдық ұйымдармен бірге қызмет жасайды: «Ментальная арифметика» орталығы, «Экобиоцентр», «Лидер» клубы және басқалар.
Сонымен қатар, логопедтік және психологиялық қызмет жұмыс атқарады. Логопед (үлкен жұмыс тәжірибесімен) әр баламен жеке дара жұмыс атқарады.
Психолог (психологиялық ғылымдар кандидаты) білім алушылармен және олардың ата-аналарымен жеке сабақтар ұйымдастырады, балалардың «Истокта» болу мерзімінде жеке бағдарламалар құрастырады.
Мектепке даярлық сыныбы мектеппен бірлесе сабақтастықты қамтамас еткенде, білімнің бір сатысынан келесісіне жеңіл көшуге көмектесетін білім беру ортасы болып табылады.