Жалпыға бірдей құқықтық оқыту
2024 жылдың 4 наурызында "Исток" жекеменшік жалпы білім беретін мектебінде Ертіс ОП ПБ ОМПС УИП полиция капитаны Руслан Аденбекұлы Мазбаев кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушыларымен (67 адам) профилактикалық әңгіме өткізді. Руслан Аденбекұлы тек заңдар туралы ғана емес, сонымен бірге жасалған құқық бұзушылықтар үшін қандай салдарлар болатыны туралы мысалдар келтірді. Жасөспірімдер жасаған құқық бұзушылықтардың алдын алу және сақтық шаралары туралы әңгімеден кейін балалар сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды. Оқушылар үшін әңгіме қызықты ғана емес, сонымен қатар өте пайдалы болды.
Обсудить
Материалы по теме:
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС «Қауіпсіз және жауапты мектеп: жеке қауіпсіздік, заңға бағынушылық және азаматтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру»
28 октябрь 2026, Среда
Заңдылық пен құқықтық тәртіп
27 октябрь 2026, Вторник
ҚАЕУ өкілімен кәсіптік бағдар беру кездесуі
13 октябрь 2026, Вторник
Читайте также:
Комментарии (0)






